<?xml version="1.0" encoding="UTF-8"?><song><key>D</key>
<lyrics>[V1]
.      Bm                    Bm
 Жүрек қалай шаттанып толқымайды?!
.D                 Em
 Ізгі хабар танытса шын Құдайды.
.     Em                   Bm
 //  Өсиеті Тәңірдің дәнін ексе,
.     Em               F#      B
 Жайлап өсіп, ол неге жайқалмайды?!  //

[V2]
 Ізгі хабар - ізгілік қайнар көзі,
 Ол - Құдайдың Иса атты тірі Сөзі.
 //  Адам ата, Хауа ана бойға енгізген,
 Бар күнәдан құтқарар Соның Өзі.  //

[V3]
 Құдай еркін мен қалай тыңдамайын,
 Менің жаным шындыққа құмар дәйім.
 //  Күш-қуат бер, жетеле Рухыңменен,
 Болаттайын берік боп шыңдалайын.  //

[V4]
 Сенің атың Тәңірім, дәріптелсін!
 «Патшалығы Тәңірдің жақын» депсің.
 //  Таратайын әніммен Хабарыңды,
 Таңдаулыңды мың-мыңдап алып келсін.  //</lyrics>
<title>Жүрек қалай шаттанып толқымайды?! РӘЖ113</title>
<hymn_number>113</hymn_number>
</song>